"Дөңгелек үстел"
17.12.2025 ж. №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасында педагогтермен «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI Қазақстан Республикасының Заңының нормалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бөбекжай-бақша меңгерушісі М.З.Нурпеисова Заңның негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп, педагог мәртебесін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Баяндама барысында:
-Заңды өзгерту негіздемесі мен бірыңғай педагог ұғымы;
-Педагогтың кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары;
-Педагогке тыйым салынған іс-әрекеттер егжей-тегжейлі талқыланды.
Сондай-ақ, әдіскер Ж.Есмурзаева қазіргі таңдағы педагог мәртебесі туралы ой бөлісіп, ұстаз беделін арттырудың маңызын ерекше атап өтті. Педагогтерден «Педагог мәртебесі туралы» заңды қаншалықты білетіндері бойынша он сұрақтан тұратын тест алынды.
Педагогтер заңдағы өзгерістерге байланысты өз сауалдарын қойып, мазалаған сұрақтарына толық жауап алды. Осындай ақпараттық кездесулер ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттырып, кәсіби қызметте заңнаманы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.