Хабарландыру!
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Аса мөлтек ауданы, №7 үй.
Пошталық мекен-жайы: detsad-5-akjelken@mail.kz
Телефон нөмірі: 8(7262)31-05-65
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №5 « Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Лауазым атауы: тәрбиеші (Тұрақты)
Еңбек ақы мөлшері:1,1 штаттық бірлік - 180000 тг (жүз сексен мың теңге)
Негізгі функционалдық міндеттері:
Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейіңгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, іс-әрекеттерді жоспарлайды және жүзеге асырады. Ата-аналардың мектепке дейіңгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды.
Заттық - дамытушы ортаны құру, тәрбиелеубілім беру процесін ұйымдастыру.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары:
- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша диплом;
- еңбек өтілі 5 жылдан жоғары
Құжат тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Кадырларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологияляқ ұйымнан анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10) осы Қағидаларға 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 18.08.2025 ж-26.08.2025 ж
Құжаттарды қарау мерзімі:27.08-03.09.2025 ж